ШҚО мейрамханасында атысқандар қамауға алынды

Шығыс Қазақстан облысында мейрамханада атысқан күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үржар ауылының 28 және 29 жастағы тұрғындары қылмыстық жауапқа тартылды. Естеріңізге сала кетсек, 1 қаңтар күні жаңа жылды тойлау кезінде банкет залында атыс болды. Екі жігіт қонақтардың бірімен сөзге келіп, оған шабуыл жасады. Бұзақылар көліктің жүк салғышынан тіркелмеген мылтықтарын шығарып, жәбірленушінің аяғына оқ атқан. Сот бұзақыларды төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Ақтоты Жолдыбаева, Үржар аудандық прокурорының орынбасары:

– Бұндай әрекеттер сотталушылардың қоғамға қарсы шығуы, көпшілікті, қоғамды сыйламау әрекеті, ортақ нормалар мен ережелерді әдейі сақтамауы деп санаймын. Сол себепті сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын сұрағаным сол. Келешекте біздің жас ұрпағымыз өсіп келе жатыр. Сотталушылардың жағымсыз әрекеттері үлгі болып кетпесін деп.