Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық сенімді қалыптастыруға ықпал етеді

Ассамблея қоғамның саяси реформаларға деген сенімін қалыптастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекованың пікірі осыған саяды. Маманның айтуынша, алдағы уақытта елде көптеген өзгеріс жүргізу керек. Ассамблея осы реформаларды халық арасында насихаттап, түсіндіруге сүбелі үлесін қоса алады.

Жанар Темірбекова Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры:

– Қоғамда әділдікті орнату арқылы қоғамдық келісім болады. Ал енді қазірге дейін де біраз жұмыс жасалды. 30 жылда елімізде жүрген реформалардың сын айтылған жерлерін реформалаудың уақыты келді.