Қарағанды-Балқаш автожолының құрылысы қашан бітеді?

Қарағанды-Балқаш автожолының құрылысы 5 жылға жоспарланған. Жоба бойынша 2023 жылдың мамырына – дейін  толық тапсырылуы тиіс. Алайда көріп отырғандарыңыздай әлі күнге жұмыстың тек 45 %-і аяқталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абзал Шәріпбай, көлік жүргізушісі:

Жол нашар, жүре алмаймыз. Доңғалақтың барлығын жарып келе жатырмыз. Бұл жол қашан бітеді айналайындар-ау. Бұрын енді 1,5 күнде кіретінбіз. Қазір 2-3 күн қонамыз. Бүгін, міне, үшінші күні кетіп бара жатырмыз.

Елдос Жәкеев, көлік жүргізушісі:

Жолдың мәселесі көріп тұрғандарыңыздай нашар. Көлікке де обал. Өзіміздің де қалтамызды тесіп бара жатыр, шыны керек. Міне, салдырлатып келе жатырмыз қазір осы уақытта. 00:24-00:30 Баллондар жарамсыз болып қалады. Жаңадан алған баллондарды тастар жыртып-жыртып тастайды. 

Дамир Ошақпаев, жобаның бас инженері:

Жол құрылысы материалдар өте қымбаттап кетті. Көлемін есептеп жатырмыз.

Айтуларынша жобаның әу бастағы құны 248 миллиард теңге болған. Алайда одан бергі 3-4 жылда құрылыс материалдарының құны 30 процентке өсіпті. Енді мердігерлер қосымша қаражат сұрап отыр. Бірақ өтініш орындала ма, ол жағы әзірге белгісіз. Анығы, жауапты компаниялар қалай болғанда да жұмысты 2023 жылы түгел аяқтауы тиіс.

Ерлан Жұмағұлов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

Бас мердігер құжатта көрсетілген міндеттерін орындамаған жағдайда келісім-шарт бұзылады. Тіпті, жобаны уақытында тапсырмаған үшін айыппұл салуымыз да мүмкін.

Авторлары:Ардақ Асылханұлы, Сайран Ақамбаев