loader


Павлодарда кәсіпкерлерге Ертіс жағалауында сауда жасауға тыйым салынды

Қала тұрғындары бос уақытын жаз бойы Ертістің жағалауында өткізеді. Бұл кәсіпкерлер үшін де тиімді. Адам жүрген жерде сауда-саттық қоса жүретіні белгілі ғой. Бірақ биыл шағын бизнес өкілдері рұқсат ала алмапты.  Жиырма жасында 500 мың теңге несие алып кәсіп ашқан  Сапарбек Есенболат  тығырыққа тірелгенін айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапарбек Есенболат, кәсіпкер:

Бізге хат келді осындай, сендерге сауда жасауға рұқсат берілмейді дейді. Менде сауда емес. Менде қызмет көрсету, спорттық кешен былай айтқанда. Екі батутпен ақшамды тауып жүрген кісімін.

Азды көпті  тиын-тебеннен  айырылғандар қатарында Әділет Мұхаметқайыров та бар. Ойыншық машиналарын қаңтарып қойған ол әкімдіктің шешімі  бәлкім өзгерер  деп  үміттенеді.

Әділет Мұхаметқайыров, кәсіпкер:

Өзімнің шағын бизнесіммен айналысқаныма үш жыл болды. Әр қашанда балаларды қуантып,  машинамен жүретін олар. Былтырғы жылдары кәсіпкерлік бөліміне барып қағаз барлығын, рұқсат беретін. Осы жылы ешқандай себепсіз осы жерден кетіңдер дейді.

Алтын Суханова Ертіс жағалауында демалушыларға түрлі сусындар мен балмұздақ  сатады. Ол да 13 жыл тұрған орнынан кетуге мәжбүр.

Алтын Суханова, кәсіпкер:

Адамдарға салқын сусындар керек. Қала тұрғындары ішетін суларын өздерімен бірге алып жүрсін деп  уәж айтады. Ыстық күнде ол мүмкін емес қой. Өткен жылы осы жерде бір әйел есінен танып құлады. Қырық градус ыстықта мұрнынан қан кетті. Менде  салқындатылған сусындар мен мұз бар еді. Дер кезінде көмек көрсетіп үлгердік. Өмірін сақтап қалдық десем де болады.

Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша   өзен жағасында сауда жасауға ешкімге рұқсат  берілмеген. Демек,  кәсіпкерлер бұл жерде заңсыз  қызмет атқарады.  

Салтанат Әкімбекова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

Жыл сайын кәсіпкерлік бөліміне Орталық Жағалауда кәсіп ашқысы келетіндерден көптеген өтінішер түседі. Қаланың бас жосарында Орталық Жағалауда кәсіп жүргізу қарастырылмаған. Бұл халыққа ортақ жер. Сондықтан барлық қала тұрғындарының демалуына, серуендеуіне тең  құқығы бар.

Дәл қазір қалалық әкімдік Орталық Жағалауға жақын маңда кәспкерлікті дамыту механизмдерін ойластырып жатыр. Сауда немесе атракциондар ашуға арнайы аумақ таңдалып, бекітіледі. Талап бойынша ол  халықтың демалысына кедергі келтірмеуі – шарт.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Жеңіс Темірболат

Сондай-ақ...