1 мамырда өңірлерде митинг өткізуге рұқсат берілген жоқ

Бірінші мамырда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысты митинг өткізілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа қатысты бас прокуратура мәлімдеме жасады. Онда "Бұл күні әкімдіктер елді мекендердің орталық алаңдарында "Қазақстан халқының бірлігі күнін" мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана өткізуді жоспарлап отыр.

Алайда ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарға жоғарыда аталған қалаларда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті хабарламалар бермеген" делінген. Заңға бағынбағандар 25 тәулікке бас бостандығынан айырылады.

Тәртіп бұзғандар қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапқа тартылады.