Қызылорда облысында бірлік мерекесіне орай шара өтті

Қызылордада «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында бірлік мерекесіне орайластырылған шара өтті. Сыр өнерпаздары мен этномәдени бірлестік белсенділері өңірдегі ірі сауда орталықтарында тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ерекше шараға Тасбөгет кентінің әжелер ансамблі мен оқушылар да қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рахима Ахметова, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы:

Біз аналар еліміздің тыныштығы мен бірлігін қолдаймыз. Сол үшін өзіміздің өмірге әкелген ұрпағымызды қазақстандық патриотизмге, елді сыйлауға, отанын сыйлауға, өзінің отбасын сыйлауға осындай шаралармен өз үлесімізді қосып жатырмыз.