Өзбекстанда фестивальде қазақстандық ансамбль бірінші орын иеленді

Өзбекстанда өткен фестивальде қазақстандық «Ақ кербез» ансамблі бірінші орын иеленді

Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен “Лязги” халықаралық фестивалінде қазақстандық  “Ақ кербез” ансамблі бірінші орын иеленді. Жеке сында өнер көрсеткен Гүлнұр Қасымбектің «Аққу» биін қазылар жоғары бағалады. Биыл алғаш рет өткізілген фестивальге әлемнің  30-ға жуық мемлекетінен би ұжымдары қатысып, бақ сынасты. Олардың арасында Оңтүстік Азия, Еуропа, Африка елдерінен келгендер де бар. Қазақстандық ұжым ұлттық музыкаға негізделген ерекше қойылым көрсетті. Фестивальдың ерекшелігіне сай хорезм биін де орындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аида Смағұлова, Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі:

Қанжығамыз майланды. Жамбыл облысының әкімдігі, мәдениет басқармасы, К.Әзірбаев облыстық филармонияның қолдауымен келген едік. Үлкен үміт артылды. Шүкіршілік етеміз. Қанжығамыз майланып, мінекей 1 орынға ие болып жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, еліміз үшін абырой деп ойлаймын.