«Шаттық» байқауы балаларға шаттық сыйлады

Қалалық «Шаттық» байқауының дәстүрлі шараға айналуы тегін емес. Биыл 15-рет өтіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер асыға күтетін мереке әдеттегідей кең ауқымда тойланды. Елордалық мектептерден 4000-ға жуық өтініш түскен. Ал кіл жүйріктер бүгін бір сахнада өнер көрсетіп, ата-анасы мен ұстаздарының ықыласына бөленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аружан Оспан, конкурсқа қатысушы:

– Биге мен дайынмын. Себебі біз бірге 4 жыл бойы билеп келеміз. Мен билеуден қорықпаймын

Қасымхан Сенғазиев, қалалық Білім басқармасының басшысы:

– Биылғы ерекшелік Ай ти бағытындағы конкурс қосылды. Заман талабына сай осындай конкурс қосып жатырмыз.

Гүлнәр Тұрсынова, хор жетекшісі:

– Менің қор ұжымымда 25 бала бар. Осы жылы біз «Қазақстан қыраны» әнімен өнер көрсеткен болатынбыз. Финалға Майкл Джексеннің әнін бірге айтамыз.

Биылғы «Шаттық» Елордадағы балалар жылының бастауы болды. Жыл бойы 400-ден аса іс-шара ұйымдастырылмақ

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Диас Қобланбаев

Сондай-ақ...