Қостанай облысында 230 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қостанай облысында 230 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қостанай облысында соңғы алты жылда 230 мың гектар алқап мемлекетке қайтарылды.

Кезінде жұрт «егін салып, мал өсіремін» деп алған бұл жерлер қараусыз қалған. Оның көбі жайылым мен шабындық жерлер. Мысалы, бір ғана Аманкелді ауданында осындай мал өсіруге арналған 86 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Одан кейін Меңдіқара, Науырзым, Әулиекөл аудандарында бос жатқан жерлер тәркіленді. Тұтастай алғанда, аймақта ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланылатын жердің көлемі 11 миллион гектарға жуықтайды. 

Нұрлан Смағұлов, облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы:

- Енді біздің тексеріс жұмыстарын өткізгеннен кейін қолданатын шара - бірінші айыппұл салынады. Сосын бір жылға нұсқама беріледі. Бір жылдың ішінде жер иесі жерді тиісті мақсатына пайдалануы керек. Пайданаланбаған жағдайды бір жылдан кейін мемлекетке қайтарылады.