Сарапшы: Қоғам демократияны қалайды 

Халық референдумды қалай қабылдайды? Президент ұсынған реформалар елдегі саяси жүйеге қаншалықты ықпал етеді?

Израильдік әріптесіміз қазақстандағы соңғы саяси жаңалықтарды талқылап, ой бөлісті.

Ариэль Бульштейн, «Israel Hayom» газетінің аға шолушысы:

– Реформалар түрлі саланы қамтиды. Бірінші кезекте бұл мемлекеттің саяси құрылымын өзгертіп, саяси жүйені қайта құруға бағытталған. Менің ойымша, ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыру үшін халықтың пікірін ескеру маңызды. Мұндайда референдум оңтайлы шешім. Ал оның нәтижесін уақыт көрсетеді. Бірақ біз Қазақстан қоғамында демократияландыруға сұраныс бар екенін байқадық. Сондықтан халықтың басым бөлігі бұны қолдайды деген пікірдемін.