Шығысқазақстандықтар «Қазақстан халқы бірлігі күнін» нағыз думанға айналдырды

Мамыр мерекесінде күн де жаймашуақ болып, тұрғындар достық мейрамын ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскемендегі орталық алаңға барлық ұлт өкілінің шығармашылық ұжымы жиналып, қалалықтар мен қонақтарға түрлі концерттік бағдарлама ұсынды. Жалпы облыста қазір 117 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Бірлік күніне арналған мейрам​ Өскемендегі орталық алаңда басталды. Этнос өкілдерінің ұлттық ән-биінен шашу шашылып, сауда алаңдары ашылып, алаңда нағыз мерекелік көңіл-күй орнады. Достық пен ынтымақтың, ұлтаралық ауызбіршіліктің көрінісі сезілді.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

Ардақты ағайын-достар,бірлігі берекелі тірлігі мерекелі ынтымағы жарасқан көпұлтты халқымыз ​ жасай берсін,баршаңызға мықты денсаулық мол бақыт, мағыналы ғұмыр тілеймін.

Карантиндік шектеулер аяқталып, күн райы жылынғалы бергі мұндай дүбірлі думанды халықтың да сағынып қалғаны байқалады. Арқа-жарқа  болған жұрт бір-біріне деген ыстық ықыластары мен жүрекжарды тілектерін арнады.

Эльвин Демирчиев, облыстық Әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы:

– Бүкіл Қазақстан халқын құттықтаймын. Қазақстан – біздің​ отанымыз. Қазақ халқын бірлігі күнмен təbrik edirəm. Бәріңізге үйлеріңізге аманшылық, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын.

Айша-Бибі Дәулетова, қала тұрғыны:

– Көп ұлттар Қазақстанда тұрып жатқанға өте қуаныштымын,өйткені бәріміз бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынас ұстап, бір-бірімізбен сөйлесіп осындай мерекеде көрісіп тұрағанымыз қалай жақсы негізі. Мен де осы мерекені пайаланып, өзімнің қазақ костюмімді киіп,әшекей бұйымдарды тағып шыққаныма өте қуаныштымын.

Қазір облыста 117, ал Өскеменде 22 этномәдени ұжым жұмыс істейді. Бірлестік жетекшілері жақында ғана өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясына қатысып қайтты. Осылайша Жаңа Қазақстанның болашағы әдеттегідей «бейбітшілік пен келісімді» ту еткеніне ​ куә болып оралдық, дейді олар.

 

Авторлары: Эльмира Ахметова.Жігер Бабаханов