Қостанай облысында жолдардың 22 %-і жөндеуді қажет етеді

Биыл Қостанай облысындағы жолдардың небәрі бес проценті жаңартылады. Бұл шамамен 280 шақырым. Жөндеу жұмыстарымен облыстық және аудандық маңызы бар жолдар  қамтылады. Салаға барлық мемлекеттік бағдарлама бойынша 20,5 млрд теңге бөлінеді. Әсіресе, елді мекендердің көшелерін асфальттауға басымдық берілмек. Аталған жұмыстар облыс орталығында және моноқалаларда іске асырылады. Жалпы аймақтағы жолдардың 22%-і жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Болат Сейдахметов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Таран-Варваринка жолының 15 шақырымы биыл тапсырылады. Сосын күрделі жөндеу Сарыкөл-Большие Дубравы жолының екі шақырымы. Оны биыл бастаймыз. Келесі жылға аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Көкалат-Көлқамыс деген жолды биыл бастаймыз күрделі жұмысты.