Ақтөбеде ауыл халқы автобус сұрайды

Ақтөбенің іргесіндегі төрт мыңнан астам тұрғыны бар «Оңтүстік батыс-2» елдімекенінің автобуссыз қалғанына бір айдан асты.  Ауылдағы бірнеше көшенің жолы қар суынан ойылып кеткен. Сондықтан елді  мекенге автобус кірмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалаға баратын тұрғындар ауыл шетіндегі аялдамаға келіп мінеді. Бұл мәселені осыдан екі апта бұрын біздің тілшілеріміз  көтерген еді. Бірақ содан бері ештеңе өзгермеді.  Ал, жауапты мекеменің  өкілдері әзірге құр уәдемен келеді. Шенеуніктердің сөзінен шаршаған жергілікті тұрғындар  кезекті мәрте жиналып,  шағымдарын жеткізді. Салынғанына он жылдан асқан жолдарды толық жаңартып, тезірек автобус жіберулерін талап етті.

Әділбек Танкеев, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Енді қазіргі таңда уақытша бұл мәселені жабу үшін төсейміз. Автобустар кіргізу үшін. Одан кейін қазір оның сметалық құжаттамаларын жасап, әрі қарай толықтай өзінің основаниесін алдыртып барып, жұмыстарын жасатуға кірісеміз. Мәслихаттан, сессиядан ақша сұратуымыз керек. Сол жұмыстарды осы жылдың соңына дейін жасап бітіруге тырысамыз.