Ақтөбеде велосипед және мотокөлік жүргізушілерінің апатқа ұшырауы жиілеген

Ақтөбеде велосипед және мотокөлік жүргізушілерінің жол апатына ұшырауы тыйылмай отыр. Былтыр 11 оқиға тіркеліп, үш адам қаза тапты.

Тағы 6 азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Алдыңғы жылдың көрсеткіші де осындай.

Талдау жұмыстары көрсеткендей, велосипед пен өзге де жылдам жүретін дөңгелекті құралды пайдаланушылар жол бойына шығып кетіп, зардап шеккен. Қазір полиция қызметкерлері ескерту шараларын жүргізіп жатыр. Мектептер мен колледж және жоғарғы оқу орындарына барып, жолда жүру ережесін түсіндіреді. Көшеде жадынама таратылады. Тәртіп сақшылары ережені елемегендерге қатаң жаза барын ескертеді.

Айдос Құлжанов, облыстық ПД ЖПҚ басшысының орынбасары:

- Аулаларда немесе көшелерде кәмелетке толмаған жас балалардың жолға шығып кету велосипедпен немесе скутерлерді айдауы. Осындай фактілер кездесіп жатыр. Жаяу жүргіншілерге де, велосипедтерге де, скутер жүргізушілеріне де, бәріне де жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда барлығына айыппұл қарастырылып, 5 айлық көрсеткіш ретінде айыппұл салынады.