Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері ірі есірткі арнасын жойды

Заңсыз өнім пошта арқылы тасымалданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер жалпы құны 9,5 млн доллар болатын 260 келі дайын есірткі тәркіледі. Былтыр қазан айы мен биыл сәуір аралығында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан 13 қазақстандық азамат ұсталды. Ал Ресейде қолға түскен Омбы қаласының тұрғыны «синтетиканы» дайындап, пошта арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп келген.