Павлодар тұрғындар қаланы қоқыстан тазартты

Павлодарда тұрғындар рұқсат етілмеген қоқыс орнын жоюға ат салысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тазалық акциясына бір жарым мың адам қатысты. Табиғат жанашырлары жылдар бойы үйіліп қалған тұрмыстық қалдықты жинап, арнайы техникаға тиеді. Полигонға 1200 тонна қоқыс жеткізілді. Айта кетейік, өңірде жыл сайын осындай 500 орын анықталып, кінәлілер жауапқа тартылады. Көбі облыс орталығынан табылады. Еске сала кетсек, арнамыз қаладағы осы қоқыс мәселесін бірнеше рет көтерді. Тілшілердің материалынан кейін, билік шұғыл әрекетке көшті. 

Виктор Аввакумов, қала тұрғыны:

– Бұл жерге жиналған азаматтар нағыз табиғат жанашырлары. Қолдарына тырнауыш пен сыпырғыш алып, аумақты қоқыстан тазартты. Біздің ұжым да тыс қалмады. Себебі біз өз жерімізді жақсы көреміз және оның таза болғанын қалаймыз.