Темір жол билеттері қымбаттамайды – ҚТЖ басшысы

Темір жол билеттері қымбаттамайды – ҚТЖ басшысы
ҚазАқпарат

Елімізде жолаушылар пойызына арналған билет бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.

«Билет бағасы қымбаттамайды. Негізінен экспорттық жүкке баға көтеріледі. Өздеріңізге де белгілі, жолаушылар тасымалы – мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Жыл сайын мемлекет шамамен 30 млн теңге субсидия береді. Мұның үстіне «Қазақстан темір жолы» азаматтарымыз арзан билет сатып алып, сапар жасау үшін өз қаражаты есебінен қосымша 90 млрд теңге субсидиялайды», – деді Нұрлан Сауранбаев. Айта кетейік, өткен жылдың наурызынан бастап елімізде теміржол билеттері қымбаттаған болатын.