Еліміздегі 69 қаланың кәріз жүйесі ескірген

Бүгінде еліміздегі 69 қаланың кәріз-тазарту нысандарының тозығы жеткен, оларды жаңадан салу немесе қайтадан жаңғырту қажет. Елдегі талай жыл жөндеу көрмеген кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде Атырау, Қызылорда, Форт-Шевченко және Шымкент қалаларында кәріз-тазарту нысандарын реконструкциялау жобалары жүзеге асырыла бастаған. Қалған 65 жобаны 2028 жылға дейін іске асырылу жоспарланып отыр. Оған республикалық бюджет және халықаралық инвесторлар есебінен қаржы тартылмақ. Сондай-ақ Үкіметте қалалардағы инженерлік желі деректерін цифрландыру мәселелері қаралды. Әлихан Смайылов талқыланған жобаларды іске асыру үшін пысықтау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.