Алматыда алты жаңа саябақ тұрғындар игілігіне беріледі

Жасыл желек мекені Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб аудандарында орналасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана «Зерделі» ықшамауданы төңірегінде абаттандыру және көгалдандыру үшін 40 гектарға жуық аумақ бөлінген. Оған жастар саябағы салынады. Ал Боралдай өзенінің жағалауында 23 гектар аумақты алатын Тереңкур демалыс бағының баламасы пайда болады. Қазіргі таңда барлығы 17 жоба қолға алынды. 11 саябақ аумағын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Биыл Президент саябағынан Сайран көліне дейін жарығы бар жасыл жаяу жүргіншілер аймағы жасалады, – деді мамандар. Үлкен Алматы каналының жанындағы жағажай да жабдықталады. Саябақтағы жасыл өскінді суару жүйесі бір орталықтан басқарылады.

Ұлан Абдулдаев, қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары:

– Қураған ағаштар бізде көбіне механикалық жолмен водовоздармен су құйылады. Әр себептерден ағаштар қурап жатыр. Су жетіспейді, тағы да мердігер ұйымның қателігенен. Бұл мәселелер бойынша қазір жұмыс жүріп жатыр.