Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы қандай? – Қарағанды облысы

Еліміздегі моноқалалардың үштен бірі – Қарағанды облысында орналасқан. Соның бірі – 26 мың тұрғыны бар Абай шаһары. Жуырда мұнда жергілікті халық жаңа әкімді сайлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ол сайлауалды бағдарламасында берген уәдесін орындауға күш салып жатыр. Аз уақытта жаңадан кәсіпорындар ашылып, инженерлік инфрақұрылым ретке келтірілген. Жолдар жөнделіп, қала абаттандырыла бастады. Қазіргі күні Абайдағы 40 шақырым қалаішілік жолдың әбден тоз-тозы шыққан. Енді соны кезең-кезеңімен қалыпқа келтіру қолға алынды. Биыл 4 көше жөнделеді.

Медеу Ахметов, Абай қаласының әкімі:

– Былтырғы жылы біз 4,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жасадық. Биылғы жылы 4,5 шақырымға таяу орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ сыртқы көшелерде, переулоктарда қиыршық тастар төсенішін төсеу бойынша да 2-3 километрге жуық жұмыстар жасалады.

Жолдармен қатар мұнда әлеуметтік нысандарды да жаңғырту жұмыстары басталды. Жуырда ғана орталық аурухана күрделі жөндеуден өткен. Бұған қоса қаншама заманауи медициналық қондырғылар алынған. Қазір жаңарған емдеу мекемесі 37 мың адамға қызмет көрсетеді.

Маратбек Жұмақаев, орталық аурухана директоры:

– Күрделі жөндеудің ең бастысы біз қабылдау бөлімін триаж системасына келтірдік. Үш есік болу керек, бәрі ыңғайлы болу керек. Сырқаттардың, келген адамдардың УЗИ-і бір жерде, рентгені бір жерде, ЭКГ-сі бір жерде, анализ алу керек болатын болса оның бәрі бір жерде, ыңғайлы. Ешқайда жүгіртіп керегі жоқ.

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы шаһардың шырайын кіргізгені рас. Жаңадан кәсіпорындар ашылып, халыққа тұрақты жұмыс табылды. Абайдағы әйгілі тігін фабрикасы да қазір өндіріс ауқымын ұлғайтып, еліміздің барлық түкпірінен тапсырыс алып жатыр.

Нұрхан Жұмабеков, тігін фабрикасының директоры:

 

Үлкен өндірістер алады ғой, зауыттар. Мысалы, Қарағандыда жаңа ашылған YDD корпорейшн, Казкарбон және логистика кәсіпорындары, анау Транка, құрылысшылар, сосын Сарандағы автобус зауыты. Анау Алматыда бар.

Абай қаласы биыл орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Ол үшін соңғы үш жылдың көлемінде 64 шақырым құбыр ауыстырылған.  

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайран Ақамбаев