Алматыда орналасқан атомдық реактор қауіпсіз

Оның көмегімен әлі 15 жыл үздіксіз зерттеу жүргізуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде Қазақстан ядролық институтының 65 жылдығына арналған баспасөз мәслихатында мәлім болды. 2016 жылы реактор төмен байытылған уранға көшірілді. Сонымен қатар институттың агросекторды серпінді дамытуға арналған өз жобасы бар. Мысалы, Қазақстанның диқандары жыл сайын егін ору науқанында астықтың 40 пайызын ысырап қылады. Екіншіден, орақ кезінде жармаққа бөлінген дәнге түрлі паразиттер түсіп, өнім көлемін азайтып, сапасын бұзады. Сондықтан егінді себер алдында радиациямен өңдеу қажет. «Бұл әлемдік тәжірибе»,– дейді мамандар. 

Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры:

– Фермерлер өздерінің астықтарын алып келіп, бізде қазір эксперимент бастап жатырмыз. Олардың өздеріне де қызық. Өйткені егілген астықты өңделген, өңделмеген екеуін көрші қойып, топырағы құнарлығы бірдей жерге егеді де соны салыстырып көрейін деп жатыр. Одан кейін электрондық үдеткіштерді жасайтын бірнеше елдер бар. Соның ең жақыны бізге әрі ыңғайлысы ол Новосибирсктегі.