ҰСБ орташа айлық мөлшерін жариялады

Ұлттық статистика бюросы алғашқы тоқсанның көрсеткіші бойынша орташа айлық мөлшерін жариялады. Соған сәйкес, орташа жалақы 285 433 теңге болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең жоғары өсім құрылыс, мемлекеттік басқару, көлік және қоймалау, ақпарат пен байланыс, білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларына тиесілі. Ал, тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда жалақы ең көп саналады. Мұнда жұмыс істейтіндердің айлығы 619 мың теңгенің шамасында. Ал, ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында. Бұл салада еңбек ететіндер шамамен 144 мың теңге алады. Өңірлер арасында ең жоғары жалақы Атырау облысында. 478 мың теңгеге жетеді. Ал, ең төменгі айлық Солтүстік Қазақстанда. 203 мың теңгеден сәл асады.