Алматы облысы ауылдарында интернеттің сапасы қалай?

Еліміздің шалғай ауыл-аймақтарындағы жұрт хат-хабар алысу үшін тау басына шығып жүргені жайлы бұған дейін жаңалықтарымызда талай рет айтқан едік, деп хабарлайды «Хабар 24».

Илон Масктің интернеті жеткенше, өңір халқы қалай амалдап жүр?

- Интернет жақсы ұстайды. Өзіміз қосылдық телефонда 4 джи ұстап тұрады. Үйде де жақсы ұстайды.

- Интернетті үй жағдайында керекті кезде сабаққа қолданамыз. Болды. Желді күндері тоқтап қалғаны болмаса былай істейді. Енді қаладағыдай скорості жақсы емес жылдамдығы. Және кішкене қымбаттау. Қалаға қарағанда. Жақсырақ болса екен дейміз.

- Біздің Қоғалы ауылында интернет дұрыс ұстамайды. Загрузка ұзақ болады. 4 джи жоқ. Сабақ оқығанда қиындықтар бар. Сабақ оқығанда.

- Көбінесе мен интернетті сабақ оқыған кезде қолданам. Және жастар әлеуметтік желіде отырады. Біздің ауылда интернет жақсы.