Алматыда Президент қолынан марапат алған мергеннің мылтығы музейде тұр

Президент Халық қаһарманы атағын берген, мерген Төлеуғали Әбдібековтің мылтығы қазір Алматыдағы Мемлекеттік орталық  музейде сақтаулы. Батырдың сенімді серігі болған қаруға есімі жазылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы мылтық атып, дәл көздеуді Төлеуғали Әбдібековке атасы үйретті деген сөз бар. 1942 жылы 14 мамырда соғысқа аттанған ол, екі жылда 397 жау әскерінің көзін жойған. 1944 жылдың 23 ақпанында ауыр жарақаттан қаза тапқан мергеннің мылтығы сол жылы Алматыға жеткізіліп, музейдегі жәдігердің біріне айналыпты. 

Дулат Бүркітбаев, ҚР Мемлекеттік орталық музейінің экскурсия маманы:

Бұл мылтықты ол кісі жараланып қайтыс болғаннан кейін, өзі тірі кезінде 32 шәкірт дайындаған дейді. Сол қырғыздан шыққан Османәлиев деген мерген осы мылтықпен 128 жаудың көзін жойған дейді. Сонда жалпы айтсақ осы бір мылтықтың өзімен бес жүзден аса жауды жойған екен.