476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде азық-түлік қымбаттап барады

  • 163
  • UPD: 21:42, 06.05.2022

 

Шығыс Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық- түлік негізсіз қымбаттаған. Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс істеп жүрген мобильді топ осындай 500 дерек анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, үй маңындағы дүкендер нан, сүт, ұн, қант сынды  күнделікті тұтынатын тауарларға баға қосылған. Ал бұл  тауарларға қосылатын баға 15 проценттен аспауы керек еді. Мобильді топ көбінесе «азық-түліктің орынсыз қымбаттап жатқаны туралы» тұрғындар шағымын негізге алып тексеріс жүргізіп келеді. Бағаны қолдан шарықтатып отырған дүкен иелеріне 220 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Әзірге тексерушілер тек ескерту жасады.

Гасан Тұрғанбаев, Өскемен қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:

Мобильді топ жұмыс істеп жатыр,үлкен жұмыс атқарылды,өкінішке орай үстеме бағаның заң бұзушылықтары болып жатыр. Қазір Өскемен қаласында 10 10 заңбұзушылық тіркелді Оның бесеуі әкімшілік жазаға тартылды,қалған бесеуімен жұмыс істеліп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы