476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Маңғыстау облысында су тапшылығы мәселесі ушығып тұр

  • 189
  • UPD: 21:42, 06.05.2022

67 жастағы Досан Сарбасов құбырдан келген суды үйіндегі құдығына жинап алады.  Әйтпесе, өлшеп берген дымға жетпейді. Тіршілік нәрін үнемдеп үй шарушалығында ғана пайдаланады. Соңғы кезде ауласына бақша салуды да қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Досан Сарбасов, Шетпе ауылының тұрғыны:

Келетін күні үшінші күні мен алтыншы күн, бүгін таңертең жай ғана келді, сол кезде 2 ағашымды суарып алдым. Соны суарып аяқтаған мезгілде тоқтады. Катлаванды орта жерлерін толтырып қоямын күн сайын келіп тұрғаны жақсы ғой, аннан мыннан ағашқа тасымай краннан құйып тұрғаны жақсы ғой. Жазда пайдалану көп болады, напоры аз болады, көкөніс егіп отырғандарға зияны тиеді.

Тіршілік нәрінен таршылық көрген жұрттың бұл мәселеден әбден ығыры шыққан. Сығымдап берген су не  ішуге, не тұрмыстық қажеттілікке жетпейді. Тапшылық ауылдағы жасыл-желекті де азайтқан.

Сегізбай Әнес, Шетпе ауылының тұрғыны:

Ең болмағанда үш рет келсе, тұрғындар ауласына қауын, қарбыз егуге мүмкіндік бар. Аптасына 2 рет келеді, кейде бұзылып қалады. Кезінде Маңғыстауда 1 млн 700 мың үстінде қой болған. Қазір ондай мүмкіндік жоқ, соңғы жылдары шөп шықпай қалды. Қуаңшылық қатты әсер етті. Малдың көбі өлді.  Су мәселесін шешу керек. Бюджет шектеулі ғой ауылдық, аудандық деңгейде, мұнайын алғаннан кейін Маңғыстаудың мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, бақша дақылдарына көңіл бөліп, мыналардың жері мынадай болып жатыр деп.

Бұл мәселе жергілікті билікке жақсы таныс. 3 мыңға жуық түтіні бар ауылдың шеткі үйлеріне су жетпейтінін растады. Атқамінерлер соңғы уақытта ауыл кеңейіп, көшіп келушілер саны артқандықтан тұщы су қоры азайғанын айтады. 1 айда тұрғындар 29 мың текше метр су пайдаланады. Қосымша 20 мың текше метр қажет.

Амалбек Жаңбыршиев, Шетпе ауылының әкімі:

Жаңаорпа 2-микрорайын. Ол жерде 7 мың адам тұрады. Осы ауылдардың бәріне су жеткізу жазда проблема.  Ол кезінде «Ақбұлақ» бағдарламасымен салынған жоба. Ауыз суға арналып есептелген, яғни тәулігіне бір адам 50 литр тұтынады деген есептелген, тал суаруға, тұрмыстық пайдалануға есептелмеген.  Ауылымызда 9  ұңғыма бар, жер асты суын пайдаланамыз. Ұңғымаларды кезең-кезеңмен көбейту керек. 5 ұңғыма жасап тұр, қалғанының суы тартылып кеткен.

Ауыл әкімі аудандық бюджеттен бірнеше рет қаражат сұралғанын айтады. 1 ұңғыма қазуға 25 млн қажет. Егер бөлінсе,  жер астынан тағы 5 ұңғыма қазу жоспарланған. Оның қашан бөлінетіні әзірге белгісіз. Оған дейін тұрғындар суды сығымдай тұрмақ.

Авторлары: Әйгерім Ашықбаева, Саламат Бекбаев, Маңғыстау облысы

Хабар 24 телеарнасы