Жолқұдық станциясындағы астық вагондары пандемия кезінен тұр

Ауылдың қақ ортасындағы теміржолдың алты тармағы бар. Кесте бойынша жүретін пойыз көп. Тұрғындар қауіпті учаскені кесіп өте береді. Оларды әкімшілік жаза да тоқтатпайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Михаил Климкин, кент тұрғыны:

Асыққан кезде вагондардың арасымен жүреміз. Балалар да жүре береді. Етіміз әбден үйреніп кетті. Қауіпті екенін ересектер түсінеді. Бірақ, балалар білмеуі мүмкін. Сондықтан, қауіпсіз жер керек ауылымызға.

Тасымалдаушы кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, теміржол заңнамасына сәйкес өткел, тоннель немесе көпір болу керек. Себебі, аумақ аса қауіпті. Сала мамандары жауапты органдарға өтініш те жолдаған, бірақ, жауап жоқ.

Нұрболат Шүкірбаев, Қауіпсіздік қызметінің жетекші инженері:

Пойыздардың үстімен жүруге болмайды. Электр желілерінің кернеулігі 27 мың 500 вольтқа жетеді. Яғни, үйдегі тоқтан 125  есеге артық. Сондықтан, екі метрлік қашықтыққа жақындауға болмайды. Ал электр сымдарының доғасына мүлдем жақындауға тыйым салынған. Доғаның тоғы аса қауіпті.

Ернар Маманов, Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің бөлім бастығы:

Тұрғындар үшін кей станцияларды бақылаймыз. Мәселен, Ленин кентіндегі бұл теміржол учаскесі қауіпті жерлердің бірі. Теміржолмен жүріп өткен балалардың ата-аналарымен алдын алу шараларын жүргіземіз. Ересектер арасында да жұмыс жүргізіледі.

Станцияның маңында рұқсат етілмеген өткел бар. Бірақ, ауылдан қашықта. Учаскенің бір аумағы темір тормен қоршалып, арнайы белгі орнатылған. 

Дәл осы жерде екі бірдей қайғылы оқиға тіркелді. Бірнеше күн бұрын 17 жасар жеткіншек вагон үстінде селфи жасаймын деп, тоққа түсті. Қазір жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, жеткіншек денесінің 45 процентін күйік шалған.

Марат Қанжығалин, Павлодар қалалық №1 аурухананың бөлім меңгерушісі:

– Қыз баланы тоқ соғып,  жарақат алды. Денесінің терісі тез қалыпқа келеді. Ал аяқ-қолына кешенді ем-дом шараларын жүргіземіз. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Сауығып кетеді деп сенеміз.

Нұрболат Шүкірбаев, Қауіпсіздік қызметінің жетекші инженері:

– Қыз бала сымдарды ұстамаған. Бірақ, кернеулігі доғаның тоғына түсті. Доға – иісі мен түсі жоқ электр тоғы. Оның бар-жоғын көзбен анықтау мүмкін емес.

 

Павлодар облысы бойынша теміржолдың ұзындығы 1000 шақырымнан асады. Елді мекенге жақын орналасқан учаскелерде төрт қайғылы оқиға тіркелді. Салдарынан екі жеткіншек ауруханаға түсіп, екеуі тілге келместен көз жұмды.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіл Темірболат

 

Сондай-ақ...