«Amanat» референдум өткізуді қолдайды

«Amanat» референдум өткізуді толық қолдайды. Партия төрағасы Ерлан Қошанов бейнеконференция арқылы саяси бірлестікке қарасты республикалық штабтың алғашқы жиынын өткізді. Оның айтуынша, бүкілхалықтық референдум мемлекеттің  нақты өзгерістерге бет бұрғанын көрсетіп отыр. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін партия республикалық және 17 өңірлік штаб құрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың құрамына орталықтағы және өңірлердегі «Amanat» активтері кірді. Бұл жұмысқа Парламент пен мәслихаттардағы фракция депутаттары, мәдениет, спорт қайраткерлері, жастар қанаты мен өңірлердегі филиалдар атсалысады. Партия мүшелері өңірлерде және шалғай елді мекендерде сайлаушылармен кездеседі.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:

Бұл екінші республиканың саяси іргетасы. Мұның барлығы саяси бәсекелестікті күшейтуге жол ашып, Қазақстан азаматтарына жаңа әрі тең мүмкіндік береді. «Аманат» партиясы конституциялық реформаның маңыздылығын терең түсіне отырып, алдағы референдумды өткізуді толық қолдайды. Конституциялық реформаға қоғамдық қорды ұйымдастыру үшін партия бар күш жігерін салуға дайын.