Алматыда гүлзар орнына табиғи өсімдік егу басталды

Алматының Алмалы ауданында гүлзар орнына табиғи өсімдіктер мен сәндік тобылғыларды егу тәжірибесі басталды.

Жасыл газонды күтіп баптаудың шығыны көп. Бір маусымда 12 рет кесіп, арам шөптен тазартып, суару қажет. Ал оның орнына қызылбас беде, көріктал, ірі және даражемісті ырғай, бұталық пен жапон тобылғысы егіледі. Көп жылдық бұталар мен өсімдіктер аулаға ерекше көрік беріп, сәнін кіргізеді. Көрікталдар қала ауасын тазартады, тұрғындардың эстетикалық талғамының қалыптасуына әсер етеді. 

Абылай Макей, Алмалы аудандық көріктендіру бөлімінің бас маманы:

- «Бұл шөптесін өсімдіктер өте төзімді келеді. Аталған тәжірибені Абылайхан даңғылынан бастадық. Енді ауданымыздың басқа да аймақтарында – Гагарин даңғылы бойындағы саябақта, Бөгенбай мен Қарасай батыр көшелерінің бойына отырғызамыз.