Түркістан облысында мароккалық шегірткемен күрес науқаны басталды

Шегірткенің шоғырланған аумақтарын анықтау үшін болжам орталығының мамандары зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызметкерлер Арыс қаласындағы жайылымдық жер мен егістік алқапқа қарасты 140 мың гектардан астам жерді жүріп өтті. Биыл Қожатоғай аумағынан зиянкестердің 16 ошағы анықталды. Алайда қанаты шықса шаруаларды шығынға батыратын дернәсілдің экономикалық зиянды шегі шаршы метріне шаққанда әлде қайда аз,- дейді. Сондықтан аумақ әзірге бақылауда болады.

Нұрлыбек Біләлбеков, Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Алдағы уақытта тағы да 7 мың гектардай бар. Соны зерделеп шықсақ залалсыздандыру жасайтынын немесе жасамайтынын сол кезде айтады. Қазіргі таңда залалсыздандыру жасайтын қауіп жоқ. Өйткені былтыр шөптің болмауына байланысты олар бір-бірімен шағылыспады деп есептедік.