Қос батырдың құжаттары Ресейден елге жеткізілді

Рейхстагқа ту тіккен батыр Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы сарбаз Григорий Булатовтың ерен ерлігімен жұртшылық енді етене таныса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елге майдангерлердің өмірінен сыр шертетін құжаттар жеткізілді. Құнды еңбекті  Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи мұражайына журналист Ақмарал Баталова табыстады. Ол құнды деректерге қол жеткізу үшін Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатына арнайы барған. Сөйтіп құжаттардың көшірмесін елге әкеліп отыр. Журналист  батырлардың көзсіз ерлігін өскелең ұрпаққа дәріптеу бізге аманат дейді.

Ақмарал Баталова, журналист:

3 айдай архиварустар отырып барлық құжаттарды жинап маған берді. Көшірмесін Қошқарбаевтың қызы мен әулетіне бердім. Енді Қорғаныс министрлігіне тапсырып отырмын.