«Шеңбер» операциясына қатысқан Қызылордалық ардагер 100 жасқа толды

Сырбойылық Сәрсенбек Байжанов – «Шеңбер» операциясына қатысқан сарбаздардың бірі. Бұл әскери шара Сталинград түбіндегі шайқаста генерал-фельдмаршал Паулюсті тұтқындауға арналғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір қызығы қарт майдангердің туған күні де 9 мамыр – Жеңіс күнімен қатар тойланады. Биыл ол 100 жасқа келеді. Соғыстан кейінгі жарты ғасыр ғұмырын жас ұрпаққа арнаған майдангердің өнегелі өмір жолы бар. Сәрсенбек Байжанов 1942 жылдың көктемінде шиелілік өрімдей 30 жастың қатарында соғысқа аттанды. Үш айдай ұрыс тактикасына машықтанғаннан кейін ең қанқұйлы Сталинград шайқасына түсті. 19 жастағы бозбала осы шешуші сәтте жауға қос бүйірден қысым жасап, әскерін әлсіретіп, генерал-фельдмаршал Паулюсті қолға түсіруге арналған арнайы әскери операцияларға қатысты. Сол жерде ауыр жарақат алған   

Сәрсенбек Байжанов, соғыс ардагері:

Ең соңғы соғыс Сталинградта болады. Жау бізге беріліңдер деді. Біздің әскерлер берілмейміз, өзіміз жеңіп аламыз деді. Сталинградтың сыртын қоршауға алған кезде маған жаудың снаряды тиді. 

Снаряд жарқыншағы Сәрсенбек Байжановтың көзін, қол-аяғын ауыр жарақаттады. Госпитальда ұзақ ем алды. Алайда екінші топ мүгедегі болып қалды. Осылайша елге оралуға тура келді. Қарт майдангер өзімен бірге соғысқа аттанған 30 жігіттің ішінен тек екі сарбаз ғана тірі орылдық, – дейді. Жеңісті жақындатқан жауынгер бейбіт күндері ұстаздық қызмет атқарған.

Абай Баукенұлы, С.Байжановтың шәкірті:

– Көптеген шәкірттері Қазақстанның түпкір-түпкірінде түрлі салаларда қызмет атқарып жүр. Шәкірттері шексіз жақсы көреді. Неге? Өйткені бұл кісі өте адал, таза, нағыз педагогқа лайық барлық қасиеттер бұл кісінің бойында бар. Сосын өзінің жанынан өлең шығаратын ақынжанды адам. Бұл кісінің көпдеген өлеңдері баспасөзде жарияланды. 

5 ұл, 5 қыз тәрбиелеп немере сүйіп, шөберенің қолынан су ішкен ақсақалдың 100 жылдық белесі де жақын. Бір қызығы майдангер 9 мамыр Жеңіс күні дүниеге келіпті. Ержүрек сарбаз, ұлағатты ұстаз әрі ақын Сәрсенбек Байжановтың шығармалары мына шағын кітапшаға топтастырылған. Өшпес өнеге, өлмес мұра болсын деп.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов