Каспийге құйылып жатқан қара сұйықтыққа қатысты сынамалар алынды

Каспий теңізіне қара сұйықтықтың төгілу фактісі бойынша EcoMedia телеграм каналында түсінік берілді.

«Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті осы факті бойынша жедел әрекет ету мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ге тиесілі ЖЭО-1 аумағына барды. Тексеру барысында атмосфералық ауа сынамалары алынды, олар шектен шығу фактісін көрсетпеді. Сондай-ақ су жинау каналының су сынамалары алынды, оның нәтижелері қазіргі уақытта анықталып жатыр», – делінген мәлімдемеде. Департамент рұқсат беру құжаттарының болуын анықтайды. «Су сынамаларын талдау нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шаралар қабылданатын болады», – деп толықтырады ведомство. Еске салсақ, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» Каспийге ағып жатқан қара сұйықтық қауіпті еместігін мәлім еткен болатын.