Жаңаөзенде жағдай тұрақталып келеді

Екі күн бұрын мұндағы жұрт белуардан су кешіп, жүре алмай қалған еді.

90-нан астам үй мен бірнеше әлеуметтік нысан, көше бойын су басқан. Төтенше жағдай қызметі сол кезде 19 адамды эвакуациялаған. Аулаларды құрғату жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Дегенмен, жеке секторда 60 отбасы әлі жарықсыз отыр. Осы жауын-шашын кезінде Жаңаөзеннен бөлек тағы төрт ауыл мен Ақтау қаласында да су жүріп елдің есін шығарған.

Сондай-ақ...