Павлодарда геологиялық мұражай ашылады

Экспедиция барысында болашақ көрмелерге арналған үлгілер жиналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

География үйі мен Ақсу ферроқорытпа зауыты бірлескен жобаны іске қосты.

Мұражайда Павлодар облысы бойынша  экспедицияларда жиналатын үлгілердің коллекциясы жасалады. Табылған заттар тұрақты немесе уақытша экспозицияларға орналастырылады. Сондай-ақ, жоба бойынша көрмелерге арналған витриналар, тұғырлар мен подиумдар әзірленеді және дайындалады.

– Жобаның нәтижесі бойынша 2022 жылдың 30 қарашасына дейін геологиялық мұражай ашылуы тиіс. Оның міндеті - Павлодар Ертіс өңірінің табиғи байлығын насихаттау, өңірдің шикізаттық әлеуетін көрсету, облыстың табиғаты туралы білімді насихаттау, қазақстандық патриотизм мен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, – деп хабарлады география үйінің директоры Александр Вервекин.

Ол география үйінде минералдар, тау жыныстары, құм және сұйықтықтар жиынтығы бар екенін еске салды. 2014 жылдан 2021 жылға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық үлгі жиналған. Коллекцияның жартысына жуығы – Павлодар облысының үлгілері.

– Осы құнды үлгілер топтамасының болуына қарамастан,  экспозиция жасау үшін материал жинау бойынша экспедициялар циклі қажет. Осы мақсатта экспедициялар жоспарланған, - деді Александр Вервекин.

Алғашқы геологиялық жорық 8 мамырда басталды. Қатысушылар «Алпыс» кен орнын зерттейді.