Сталинград шайқасында қазақстандықтар қаһармандығымен көзге түсті

Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең қанды шайқастың бірі – Сталинград үшін ұрыс болды. 1942 жылдың шілдесінен 1943 жылдың ақпанына дейін жалғасқан қанды қасапта шаһарды қорғауға қазақстандықтар да қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақтар жауынгерліктің нағыз үлгісін көрсетті. Ресейліктер де біздің аталарымыздың ерлігін әлі күнге естен шығарған емес. Сталинград үшін шайқас Ұлы Отан соғысы кезінде ең маңызды ұрыстың бірі болды. Ол 200 күн мен түнге жалғасып, 500 мыңнан аса жауынгер қаза тапты. Кескілескен ұрыстар Ресейдің қазіргі Воронеж, Ростов, Волгоград облыстары мен Қалмықия ауамығанда жүрді.

Сталинградты қорғауға Жаңа Қазалыда құрылған 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, Ақмоладан 459-шы атқыштар дивизиясы, Жабылдан 81-ші атты әскер дивизиясы, Ақтөбеден 129-шы миномет полкі және Алматыда жасақталған 156-шы көпірқұрылысы батальоны мен 460-шы атқыштар дивизиясы қатысты. Жаумен шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 4 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. «Отан – ана шақырады» ескеркіткішіндегі естелік тақта Кеңес Одағының батыры Нүкрен Әбдіровке арналған.

– Украин, беларусь, поляк, қазақ, қалмық бәрі бірге иық тіресе соғысты. Барлығы шама келгенше біргіп шайқасты.

Ол кезде Кеңес Одағына кіретін барлық республиканың жауынгерлері шайқасқаны есімде. Көп көшелер солардың атымен аталған. Шығыс Қазақстандағы Дзержинск ауданы мен Кеңес ауданындағы Қазақ ауылында сол сарбаздардың есімі берілгенін білемін. 

– Біз Волгоралд, Сталинград, Царицын қалаларының тұрғындары ретінде отан үшін от кешкен жауынгерлердің ерлігіне бас иеміз. Түрлі дививзияда қазақстандықтар көп болды. Бұл ешқашан ұмытылмай, ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Сталинград шайқасында қазақстандықтар қаһармандығымен көзге түсті. Осы жерде минометші Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Спатаев ерен ерлік көрсетті. Нағыз батырлықтың үлгісіне айналған  Павлов үйін қорғағандардың арасында Талибай Мырзаев болды. Олардың ерлігіне арналып Волгоградта жаңа ескерткіш ашылды. Оның ішінде Қазақстанның әр облысының топырағы бар капсула сақталған.

Алла Гаврилова, «Сталинград шайқасы» мұражайының бас ғылыми қызметкері:

– Қазақстан аумағында құрылған дивизиялар мен осы бір керемет елден шыққан жауынгерлердің ерлігі әлі есімізде. Аты аңызға айналған мерген қыз Әлия мен үшін үшін ерлік пен нәзіктіктің үлгісі. Палов үйін қорғаған да Қазақстанның тумасы.

Қазақстандық жауынгерлер Сталинград шайқасында алдыңғы шепте болды. Олардың есімдері жүрегімізде мәңгі бақи сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып қалады.

Авторлары: Дана Нуржан, Шахзод Гамиров