Елордадағы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл қойылды

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Мәншүк Мәметованың елордадағы ескерткішіне гүл қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңіс күніне орайластырылған салтанатты шара «Ақжайық» саябағында өтті. Гүл қою рәсіміне жиналған қауым қан майданда ерлікпен қаза тапқан батырларды және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.