ШҚО-да ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ұлы жеңіске 77 жыл. Бұл – бүгінгі бейбіт аспанды аманат еткен батырлар рухына тағзым етіп, бас иетін күн. Жеңіс күнін қарсы алатын ардагерлер саны жыл сайын азаюда. Ендеше соғысың соңғы куәгерлеріне лайықты қошемет көрсету парыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскеменде қазір бар болғаны 15, ал Семейде 9 соғыс ардагері тұрады. Олар аймақтың өркендеуіне де баға берді.Семелйік тыл ардагері Рашида Хасанова шаһарда әсіресе медицинаның дамығанына разы.

Рашида Хасанова, тыл ардагері:

Еңбегіңізге ризамын. Әсіресе онкологиялық орталық үшін рахмет. Өзім осы аурумен ауырғалы 14 жыл болды. Қазір толыққанды емделіп жүрмін.

Батырлар ерлігін ұрпақ ұмытпайды.  Жеңіс Мерекесінің нүктесін қоятын дәстүрлі «Шырақ жақ « акциясы осыған айғақ.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов