Қостанай облысында жасанды жолмен ұрықтандыру квотасы көбейтілді

Қостанай облысында жасанды жолмен ұрықтандыру квотасы көбейтілді. 

Қазір аймақта ерлі-зайыптылардың 17 проценті бедеулікке шалдыққан. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіш саналады. Ресми түрде 600-ге жуық әйелдің табиғи жолмен балалы болу мүмкіндігі жоқ. Биыл облысқа ЭКО жасатуға үш жүз квота бөлініп отыр. Осы күнге дейін 132 әйел жасанды жолмен ұрық салдырып, ұрпақ сүю мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Жалпы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында еліміз бойынша жеті мың квота қарастырылған.             

Әсел Файзулина, облыстық аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Биылдан бастап жас мөлшері бойынша қойылған шектеулер алынып тасталды. Демек, бала көтере алмайтын кез келген әйел ЭКО әдісін пайдалану құқына ие. Бірақ дәрігерге ерте жүгінген дұрыс.