Түркістан облысында мектеп әжетханасы музейге айналып кеткен 

Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын еліміздегі барлық мектептердің сырттағы әжетханасын ішке кіргізу бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақында білім министрі Асхат Аймағанбетов ол кезде республика мектептерінде 2700 дәретхананың далада орналасқанын айтты. Қазір соның тек 50 шақтысы ғана қалған. Десе де сырттағыны ішке кіргізумен мәселе шешілмеген сияқты. Бұл Отырар ауданының орталығында орналасқан Шәмші Қалдыаяқов атындағы мектеп-гимназия. Мұнда 1870 бала екі ауысымда білім алады. Жүзден аса мұғалім сабақ береді. Бізді мектеп директоры Хадиша Қылышбаеваның өзі қарсы алды.

Алайда әжетхана есігі мұғалімдер айтқандай оңайлықпен ашылмады. Қарауыл ашамын деп тұтқасын жұлып алды. Бірақ директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Талғат Әбекеев бізді сырттағы әжетхананың сыйқымен таныстырды.

Талғат Әлекеев, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары:

Әжетханамыз мынау тұр. Кіру мүмкін емес. Сырты, міне, өзі айтып, өзі жылап тұр ғой. Жылан жылғы туалет. Балалардың бәрі осы жерге келеді. Басқа жерде мүмкіндік жоқ. Енді бастауыштың балаларына іштегі туалетті ашамыз. Бірақ қарауылдап тұрамыз. Себебі барлығы ескі. Су көзі жақсы келмейді бізге. Ал жаңағы кілт қайда деп шырылдау себебі, кілт қайда дейді. Қайда қоямын кілтті қалтама салып жүремін мен. Сіз сияқтылар келді деген кезде барып ашамын. Ал неге туалетті ашпадың, неге сақадай сай тұрмайды деп кінәласа мінекей басым. Кесіп алсын.

Мұндағы өтірікке әбден тойған ол мектептегі былықтың барлығын жайып салды. Қауіпсіздік шараларының да сақталмайтынын айтты.

Жарамсыз есік, берген кезде пәлен сомның есігі деп қояды. Не деп жауап бересіз? Ішті әктеп жатыр еді, екі шелекті сонда алдық. Өрт болған жағдайдағы агнушителді мен көрген емеспін. Құм да жоқ.

Мамандардың айтуынша, мектеп-гимназия 2007 жылы орташа жөндеуден өткен. Бірақ кеңес заманынан қалған терезелер әлі ауыспаған. Шатыры да шұрық тесік,- дейді мұндағы мұғалімдер. Вальс королі атынған Шәмші Қалдыаяқовтың аты берілген мектептің сыйқы осындай болды. Ал мектеп басшысы кемшіліктерді жаңа оқу жылына дейін жоямыз отыр.

Хадиша Қылышбаева, Ш.Қалдыаяқов атындағы мектеп-гимназияның директоры:

2-3 қабатта әжетхана жоқ. Оны білім бөлімі де, әкімдік те біледі. Жасап береміз деген. –Қауіпсіздікке байланысты, өрт оқиғасы болған жағдайда өшіруге арналған бірде-бір құрал жоқ. Оған не деп жауап бересіз?

Біз одан кейін аудан орталығындағы Жамбыл Жабаевтың есімі берілген мектеп-лицейге бас сұқтық. 2011 жылы пайдалануға берілген білім ұясында 817 бала оқиды. Мектеп директоры Талғат Сәрсенбаевтың рұқсатымен іштегі әжетханлардың жұмысын тексердік.  

Су – мұндағы мектептердің барлығына ортақ проблема. Кейбір мектептерде қысым болмағандықтан жоғарыға су шықпайды. Енді бірінің құрылысы дұрыс жүргізілмеген. Енді бір ауылда су мүлдем жоқ. Ал аудандық білім бөлімінің есебі түгел. 

Сейілбек Оразалиев, аудандық білім бөлімінің маманы:

Аудан боынша 15600 оқушы бар. Барлығы қамтылған. 40 білім беру мекемелерінің сыртқы және ішкі дәретханалары барлығы жұмыс істеп тұр. 

Жалпы Түркістан облысында 945 мектеп, 500 мыңнан астам оқушы бар. Шалғайдағы ауылдарда болмаса, көбінің әжетханасы ішке кіргізілген. Алайда кейбірі министр Асхат Аймағамбетов айтқандай, тексерушілер келген кезде ғана ашылатын музей сияқты екені өтірік емес. 

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш