Мәжілісте азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға қатысты заң жобасы талқыланып жатыр

Азаматтардың төлем қабілеттігін қалпына келтіру институты құрылуы мүмкін.  Мәжілісте азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға қатысты заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, борышкерлерге қатысты соттан тыс банкрот рәсімі, төлем қабілеттігін қалпына келтіру және сот банкроттығы қарастырылған. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша, 2023 жылдың 26 сәуіріне дейін қорытынды әзірлеуі тиіс.