Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге тұратын орын қажет

Қостанайдағы алапат өрттен үйсіз-күйсіз қалғандарға уақытша пана болған оңалту орталығы адамға лық толды.

Кейінгі екі тәулікте сегіз отбасы, яғни 31 адам келді. Жергілікті билік қалған зардап шеккендер үшін қосымша орын іздеп жатыр. Әзірге жұрт туған туыстары мен таныстарын паналап жүр. Екі күн бұрын облыс орталығында он екі үй жанып кетті. Көбі далада, әрі құжатсыз қалған. Комиссия материалдық шығынды есептеп жатыр. Қазынадан төленетін өтемақы көлемі анықталады.

Роза Сейітмағамбетова, қала тұрғыны:

- Кешке қарай алты кезінде келдік осында. Не керек бәрін берді бізге көмек. Ыстық тамақ әкеп берді «тоңған шығарсыздар» деп. Екінші күн есімізді жиып жатырмыз.

Ділмұхамед Спанов, оңалту орталығының директоры:

- Бастапқыда үш отбасы, яғни 8 адам ғана болған. Қазір 31 адам орналастырылды. Үш мезгіл тамақ береміз. Күнделікті тұрмысқа қажетті нәрсенің бәрімен қамтылған.