Толассыз жауын салдарынан Атырау көшелерін су басты

Атырауда 3-4 күн толассыз жауған жауын салдарынан ондаған жеке үй мен көшелерді су басты.

Дегенмен, құлаған үй болмаса, зардап шеккен ешкім жоқ. Атырау қаласының аумағына 36 мм ылғал түсті. Бұл айлық нормадан айтарлықтай артық. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органның техникалары 2 мың 700 текше метрге жуық суды сорғызды. Табиғи апат зардабын жою мақсатында арнайы штаб құрылып, жедел телефон желісі іске қосылды. Өткен екі тәулікте штаб орталығына тұрғындардан 1 мың 653 шағым түскен. Үйлер мен көшелерді құрғату жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Тілекқабыл Досмағанбетов, облыстық ТЖД басқармасы басшысының орынбасары:

- 7 жеке тұрғын үй, 15 аула аумағы және 25 көшелерде су басқан. Су деңгейі 15 смге  көтерілген болатын. Су деңгейі көтеріліп үйді су басу қаупі болды. Бірақ күш пен құралдарды дер кезінде  жұмылдыру арқасында қауіп жойылды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстар жалғасуда.