Халық Қытайға газ сатуды доғаруды талап етті

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында газ мәселесі ушықты. Бүгін өңір халқы билік өкілдеріне көгілдір отынның Қытайға тасымалдануын тоқтату туралы талап қойды. Өйткені тұрғындар газ қоры таусылып қала ма деп алаңдайды. Биыл Қытайға газ тасымалы толық тоқтаған еді. Алайда он күн бұрын экспорт қайта жанданды.

Зайсандағы мәдениет үйіне бүгін халық лық толды. Талаптары ортақ. Қытайға газ экспортын тоқтату. Олардың айтуларынша, онсыз да қалған қор көп емес. Кем дегенде, 9 жылға жететін ғана мөлшер бар. 

Жиналғандар көгілдір отынмен қамтамасыз ететін елді мекендер өзімізде де жетеді деп отыр. 

Дәулетбек Мұхиянов, Зайсан ауданының тұрғыны:

- Ауылдарға неге бермеске, ішіміз ашитыны, алдымен өзімізді жарылқап алуымыз керек, өз ауданымызды, көрші Тарбағатай бар, Күршім, Аягөз, Семей бар, бәрі түтінге қамалып көмір жағып отыр. 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Шығыстағы газ өндіретін жалғыз учаске осы Сарыбұлақ кен орыны. Биыл мамырдың басына дейін мұнда 3,5 миллиард текше метр газ өндіріліпті. Қалған қор 1,5 миллиард текше метр ғана. Айтпақшы, өндірілген газдың 95 процентен астамы Қытай еліне өткен. Ал жергілікті тұрғындар газ игерілген 8 жылдың ішінде оның жалпы 100 миллион текше метрін ғана қолданған. Жыл басында газ экспорты толық тоқтатылған болатын. Бірақ оны өндіріп келген Тарбағатай Мұнай компаниясы, үкіметтен тағы 150 миллион текше метрді Қытайға экспорттауға рұқсат сұраған. Министрлік оған сұрағанының тең жартысын берді. Сөйтіп жақында қалған газ қайтадан экспорттала бастады. Газ өндіру компаниясының басшылығы бұл шара шығынымызды жауып, қарызымызды өтеу үшін қажет деп отыр. 

Арман Құлжанов, "Тарбағатай Мұнай" ЖШС бас директорының орынбасары:

- Бізге өзіміздің жұмыстарды жалғастыруға қажет, мәселен, қандай жұмстар үшін? Мәселен, ең бірінші газдың добычасын жалғасытыруға, операционный шығындар үшін. 

Жиналғандар жекеменшік компания өз жыртығын өзі жамасын, енді көрші елге бір текше метр газ өтпесін деп талаптарын ашық айтты. Сөйтіп, экспорттың дәл бүгін тоқтатылуын сұрады. Жиынға қатысқан​ энергетика министрлігінің өкілі мен мен атқарушы билік жұрттың ұсынысына құлақ түрді. Газ экспорты​ тоқтатылады. Әзірше. 

Асхат Хасенов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Министрлік тарапынан 3 бағытта жұмыс істеп жатырмыз+05.22.02бірінші бағыт қазір Ресей тарапымен жүріп жатыр, Ресей тарапынан келіссөздер бастадық.+22.41 Екінші бағыт Сарыарқа құбыры салынып болды. Нұрсұлтанға жеттіҚазіргі уақытта теміртау, Павлодар, Өскеменге тартуға есептеулер жүргізіліп жатыр+22.54үшінші бағыт сұйытылған табиғи газ деген бар.

Эльмира Ахметова тілші:

- Сөйтіп көгілдір отынды көрші елге жіберетін бұранда әзірге жабылды. Енді жергілікті жерден құрылған комиссия жұмыс істеп, ары қарай экспорт мәселесін, бір жақты шешетін болады. Жалпы Зайсанның ішінде де маңайында да газға қосылмаған нысандар жетеді. Басқасын айтпағанда, көгілдір отын әлі жоспардағы 8 ауылға тартылған жоқ. 

Эльмира Ахметова. Жігер Бабаханов