Үш жасар баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың досы да баспаналы болды

Үш жасар баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың досы да баспаналы болды
Zakon.kz

Елордадағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде терезеден салбырап тұрған баланы кездейсоқ құтқарған 37 жастағы Сәбит Шонтақбаевтың жанында болған досы Сағи да баспанаға ие болды.

Ол Сәбит баланы құтқарып жатқанда аяғын ұстап тұрған.

Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталып, үш бөлмелі пәтер сыйланды. Артынша қазақстандықтар желіде жанында болған досы да мұндай құрметке лайық екенін жазып жатты. Осылайша Сағиға құрылыс компаниясы екі бөлмелі пәтер сыйлады.

Ал Нұр-Сұлтан полициясы ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.