Елордадағы Сарыарқа ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылады

Шаһарда қараусыз қалған аумақ орнына тыныш аллея, воркаут-аймақ, футбол алаңы пайда болады. Сөйтіп астанада тағы бір жаңа аула қоғамдық кеңістігі абаттандырылады, деп хабарлайды «Хабар 24» қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаланған учаске Тілендиев - Ұлытау-Арқалық - Қайнар көшелерінің төрттігінде орналасқан. Аталған аудан тұрғындарының көптеген өтініші бойынша Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдерімен талқылау кезінде астаналық урбанистика орталығының сәулетшілерімен бірлесіп жобаның эскизі жасалды. Жақын маңдағы үйлерде тұратын адамдар демалу үшін ыңғайлы, қауіпсіз орта құруды сұрады. Н. Тілендиев даңғылындағы 44/1, 46, 48, 50 үйлердің жанында қоғамдық және аула кеңістігі пайда болады. Абаттандыру алаңы 7,5 га, көгалдандыру-1,5 га құрайды.

Мұнда 200-ге жуық ағаш пен 50 көпжылдық бұта отырғызу жоспарланған.

«Негізгі аллея әткеншек пен авторлық орындықтары бар демалыс аймағының аумағын қамтиды. Балаларға арналған балалар алаңы жас санаттары бойынша бөлінген. Балалар үшін жеке аймақ бар, үлкендер тобының белсенділігі үшін де бар», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Жаңадан құрылып жатқан қоғамдық кеңістіктің бойына түптері сәндік тормен қоршалған ірі ағаштар отырғызылады. Сонымен қатар учаске айналасында көшені жарықтандыруды да қарастырдық.

Аула кеңістігі аумағында футбол алаңы, воркаут аймағы, тренажер учаскесі, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар алаңы және 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңы ашылады. Бұдан басқа Тілендиев даңғылында – 160 тұрақ орны, Қайнар көшесінде – 50 орын, Арқалық көшесінде – 130, Ұлытау көшесінде – 40 жаңа тұрақ орындары құрылды.

Жобалау алдында елордалық урбанистер мен Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері аудан тұрғындарының тілектерін жинады. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті жайластыру бойынша эскиздік ұсыныс пайда болады, деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығында. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша аудан әкімдігі жобаны іске асыруға кіріседі.