Маңғыстау облысында үйілген қоқыс тұрғындардың мазасын қашырды

Маңғыстау облысы Баянды ауылының маңында үйілген бөтелкелер қоқыс полигонына шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірлескен жұмыс тобы кеше сол аумақта тексеру жүргізген. Пластик және шыны бөтелкелерге шырын құйылғаны анықталды. Мерзімі өткен тәтті сусындарды әлдекімдер далаға – лақтырып кеткен. Уәкілетті орган Мұнайлы ауданы әкімдігіне қалдықтарды жинап, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартуды ұсынды.

Гүлім Ұлықпанова, Экология департаментінің бөлім басшысы:

Полиция мамандарымен бірлесіп аталған орынға барды. Сақтау мерзімі өтіп кеткен шырындарды полигонға апарып тасылып, реттелетін болады. Полиция басқармасы әрі қарай шарасын қолданатын болады.