Талдықорғанда 1014 пәтер заңға қайшы берілген

«Болашақ» ықшам ауданындағы 33,34 үйдің тұрғындары бірнеше жылдан бері баспанасын жекешелендіре алмай жүр. Солардың бірі  Зухра Рахимова. Оның анасы 4 жыл бұрын соғыс ардагерінің жұбайы ретінде пәтер алыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зухра Рахимова, қала тұрғыны:

–Бізде әлі документ берілген жоқ. Шешем толық үш жыл тұрды. Бес ай болды шешем қайтыс болды. Бірақ мұрагерлікте ұлы тұр.СКЛ  Енді сол кісіге аударылып беріледі деп күтіп отырмыз.

Гүлзахан Жотабаева, қала тұрғыны:

–Ешқандай құжат жоқ. Үйде үй менікі деген құжат жоқ. Құжат сұрауға барсақ ертең кел, бүгін кел, сонымен төрт жыл өтті. 15 жыл өшіретте тұрып, бір бөлмелі үйді алып, бес жыл өшіретте тұрамыз. Жиырма жылымыз бір бөлмелі үйді алуға кетіп отыр.

Шахворстов көшесіндегі бес қабатты үй он үш жыл бұрын келісім шарт негізінде берілген. Содан бері тұрғындар құрқылтайдың ұясындай болған бір бөлмелі бұрыңғы жатақхананы өз атына аудара алмай келеді.  

Жахан Ахаев, қала тұрғыны:

80 үйдің 60 жекешелендіре алмай отыр ғой. Жиырмасы андай мұндаймен сотқа беріп алып кеткен. Бір бөлмелі үйде алды бес баламен тұрады.

Тұрғын үй комиссиясының шешімінсіз үй алғандардың қатарында жемқорлық әрекетке барғандар бар. Енді әкімдік көп жылдар бойы кезекте тұрып баспаналы болғандар мен заңды белшесінен басқандардың ара жігін ажыратып саланы ретке келтірмек.  

Әсет Масабаев, Талдықорған қаласының әкімі:

Бұл жерде біз ешқайсысын шығарып тастамаймыз. Біздің мақсат бұл кісілердің құжатын көтеру. Осы құжаттардың заңдылығын анықтау. Сондықтан бұл кісілердің тұрып жатқан үйлерін заңдастыру. Және заңсыз алған азаматтардың пәтерлерін мемлекеттік мекеме меншігіне қайтарып үй кезегінде тұрғандарға қайтару.

Құжаты жоқ пәтерлерді анықтау жұмыстарына қоғам белсенділері, заңгерлер мен еріктілер тартылып отыр. Бүгінгі күнге дейін солардың көмегімен 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Талдықорған қаласы бойынша 16 мыңнан аса адам үй кезегіне тіркелген. Енді оларға пәтер беру тәртібі «Кезекте» электрондық порталы негізінде  жүзеге асады. Сол арқылы әрбір адам өз кезегінің алға жылжуын онлайн форматында көре алады. Бұдан былай баспана берілу реті ашық әрі қоғам бақылауында болмақ.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден Қуаныш Түргенбаев