БҚО-да жануардың аса қауіпті жұқпалы ауруының 8 ошағы анықталған

Батыс Қазақстан облысында ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 1,5 миллиард теңге  бөлінген.

450 мың бас ірі қара мен қой-ешкіге сібір жарасына қарсы екпе салынды. Биыл аса қауіпті 11 жұқпалы ауру түріне қарсы үй жануарларын вакциналау көзделген. Жыл басынан бері  жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруының 8 ошағы анықталып, тиісті ветеринарлық іс-шаралар жүргізілді. Жалпы өңірде аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотикалық жағдай жақсарып келеді.

Серік Нұрмағанбетов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Көршілес РФ-ның Орынбор облысында және Қазақстанда Қарағанды облысының Шет ауданында шыққан аусыл ауруына байланысты біздер аусылдың алдын алу шараларын жүргізу үшін вакцинация жасау үшін вакцина сұраған болатынбыз. Вакцина осы үстіміздегі айдың 14-і күні Ақтөбе қаласындағы складка келеді. сол жерден алынып 1-2 күннің ішінде жұмыстар жасалады деп есептейміз.