Атырауда браконьерлерден 18 тоннадан астам балық тәркіленді

Атырауда «Бекіре-2022» акциясы басталғалы браконьерлерден 18 тоннадан астам балық тәркіленді.

Оның 1 тонна 200 келісі бекіре тұқымдас су маржандары. Сонымен қатар 2 мыңнан астам ау мен 104 жүзу құралы табылды. Жалпы акция басталғалы мыңға жуық заң бұзушылық анықталған. Жалпы 39 қылмыстық іс қозғалыпты. 

Рүстем Қорқытов, Жайық-Каспий бассейндік облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

- Рейдтік шаралар кезінде Атырау және Ақтау қалаларында заңсыз сауда айналымынан 79 ау құралы алынды. Акция басталғалы 14 миллион 300 мың  теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған. Айта кетейік, бекіре өсіру зауыттары мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 180-ге жуық бағалы бекіре балығын аулады.